Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

3009/19
Х юбилейная Национальная Конференция по Инициативе прозрачности добывающих отраслей

Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы бойынша Х-шы мерейтойлық Ұлттық конференциясы

2019 жылы 26 қыркүйекте "Қазэнерджи" қауымдастығы өткізетін энергетикалық апта шеңберінде ЭКСПО Конгресс орталығында өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы бойынша мерейтойлық Х –Ұлттық конференция өтті (бұдан әрі – ӨСАБ). Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Үкімет және қоғам мүшелері құттықтау сөз сөйледі.

Компанияның бенефициарлық иелерін ашу бойынша ӨСАБ стандартының халықаралық талаптары, ӨСАБ есептерінің мазмұны, деректерді верификациялау, ашық деректердің мониторингтік жүйелерінде ӨСАБ іске асыруды ықпалдастыруға көшу дайындығы, заңнамалық нормалар, Қазақстандағы валидация процесі, негізінен ӨСАБ процесіне үкіметтік емес сектордың қатысуын жеткіліксіз қаржыландырумен байланысты проблемалық мәселелер талқыланды және ӨСАБ 2019 жаңа стандартының халықаралық талаптары айтылды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Жер қойнауын пайдалану департаменті