Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2604/19
 Казахстанский институт развития индустрии переименован в Казахстанский центр индустрии и экспорта

Қазақстандық индустрияны дамыту институты Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы болып өзгерді

«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ» «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ болып өзгертілді. ҚР Үкіметінің тиісті қаулысы 19 сәуірде күшіне енді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін компания елімізде тиімді өнеркәсіптік саясатты жүзеге асыру мақсатында индустрияны дамыту, жергілікті қамту және технологиялық даму саласындағы үш ұлттық институттың функцияларын біріктірген болатын.

«Компания қызметі өңдеу өнеркәсбінің халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және үйлестірілген индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыруға бағытталған. Қазіргі уақытта Қазақстандық индустрия және экспорт орталығында 2020 жылы басталатын индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа бесжылдықта индустрияландыруды тереңдетуге, өндіріс көлемін және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие өңделген тауарлардың номенклатурасын кеңейтуге баса назар аударылатын болады», - деп атап өтті «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әлішер Әбдіқадыров.

Жоспарларды іске асыру аясында өтеусіз гранттық қаржыландыру және кәсіпорындарға шығындардың жекелеген түрлерін өтеу бойынша мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну жұмыстары жалғастырылатын болады.

Әлішер Әбдіқадыровтың айтуынша аталмыш қолдау құралдарының арқасында өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары айтарлықтай қаржылық көмек ала алады. Бұл оларға өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және экспорттық нарықтарға шығуды жеңілдетуге, өндірілетін өнімнің номенклатурасын кеңейтуге және өндірістік қуаттарды технологиялық жаңғыртуды жүргізуге мүмкіндік бермек.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Жер қойнауын пайдалану департаменті